Қазақстандағы барлық саяси партиялар «өзгерістерді қалайтындарын» мәлімдеді

30 Просмотры
Издатель
Ал еліміздегі саяси партиялар бірауыздан «Конституцияға енгізілетін өзгерістерді қолдаймыз» деп мәлімдеді. Қазақстан Халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев «референдумның нәтижесіне қанағаттандық, бұл барша қазақстандықтың жеңісі» десе, «Ауыл» партиясының мүшелері референдум өткізу әділ, әрі демократиялық шешім деді. Ал, Азат Перуашев төрағалық ететін «Ақ жол» «бұл саяси реформаның басты мақсаты - мемлекетті халыққа жақындату» деп түйді.
Ал «Аманат» партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов «аймақтарда 217 штаб жұмыс істеп, 12 мыңнан аса үгіт-насихат шарасын өткіздік» деп есеп берді. «Конституциялық реформаны халыққа түсінікті тілмен жеткізуге тырыстық» деген аманаттықтар, «еліміз Жаңа Қазақстанның іргетасын қалады. Алда көп жұмыс, үлкен міндеттер тұр» дейді. Ал «біз үшін дамудың жалғыз ғана жолы бар. Ол - демократиялық жол» деген «Ауыл» партиясының мүшелері, «елдің бүгіні мен ертеңі үшін маңызды мәселені халықтың талқысына салып, референдумға шығару өте әділ, әрі демократиялық шешім» дейді. Ал, Ақжолдық Азат Перуашев«Референдум ашық әрі демократиялық үрдістердің сақталуымен өтті» деп, ел азаматтарын жаңа, әділ Қазақстанды бірге құруға шақырды. Референдум кезінде учаскелерді бақылаған Ақжолдықтар, «сайлау заңнамасының қатаң бұзылуы тіркелмеді» дейді.




Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1
Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/
Instagram - https://instagram.com/informburo31
Vkontakte - https://vk.com/informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31

#Референдум #ЖаңаҚазақстан
Категория
чиллеры
Комментариев нет.