Референдумда халықтың белсенділігін анықтау үшін бірнеше ұйым экзит пол өткізіп жатыр. Солардың бірі - «Демократия институты» ғылыми-зерттеу қауымдастығы» қоғамдық ұйымы. Ұйым өкілдері азаматтар арасында сауалнама жүргізеді. Сауалнамаға жауап беру немесе жауап бермеуге адамдар ерікті.
Экзит пол мақсаты саяси науқанның ашық өтуін қадағалау, нәтижелеріне болжам жасау. «Демократия институты» тұрақты негізде елдегі қоғамдық-саяси ахуалға мониторинг жүргізіп келеді. Айта кетейік, ел тарихында үшінші рет өткізіліп отырған Конституцияға өзгертілулер мен толықтырулар енгізуді көздейтін жалпыхалықтық референдум кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады. EXIT-POLL-дың зерттеу нәтижелері дауыс беру толық аяқталғаннан кейін ғана жария етіледі.
ГҮЛДЕН ҚОНАРБАЕВА, «Демократия институты» ғылыми-зерттеу қауымдастығының сұхбатшысы:
– Сайлау учаскесінен шыққаннан кейін сауалнама ала отырып, әлеуметтік зерттеу жүргізудеміз. Сауалнама қатысушыларына: Сіз Конституцияға түзетулер енгізуді қолдадыңыз ба? Әлде қарсы дауыс бердіңіз бе? деген сұрақ қойылып жатыр. Сонымен қатар олардың жынысын және де жасын, ұлтын көрсетіп жатырмыз. Бұл іс-шара ірі мегаполистерде, қалаларда, облыс елдімекендерде өткізіліп жатыр.
"Демократия институты" ғылыми-зерттеу қауымдастығының өкілдері Алматы облысында да дауыс беріп шыққан азаматтар арасында сауалнама жүргізді. Олар қазақ және орыс тілдерінде қойылған сұрақтың жауабына қарай референдумның Exit poll нәтижелерін жариялайды. Сауалнама кезінде жауап беруші адамдардың аты-жөні сұралмайды, тек дауыс берушілердің жауабы маңызды.
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1
Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/
Instagram - https://instagram.com/informburo31
Vkontakte - https://vk.com/informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31
#Референдум #ЭкзитПол

- Категория
- чиллеры

Комментариев нет.