КТК: Қазақстан жаңалықтары 24.12.2021

59 Просмотры
Издатель
Жүргізуші: Ерланби Даулетияр (Instagram: @yerlanbi_dauletyar)

СЫБАЙЛАСЫМЕН СОТТАЛДЫ
Жамбыл облысында бұрынғы әйелін өлтіріп, мәйтін өзенге ағызып жіберген қаскөй сотталды. Оның қылмысы туралы тіс жармаған танысы да абақтыға қоса аттанды.

КООПЕРАТИВКЕ СЕНІМ БАР МА?
Баспаналы болу үшін миллиондап тұрғын үй коопертивіне ақша салған ақтаулықтар сан соғып қалды. Енді Үкіметке алақан жайып, шенеуніктерден жауапсыз ұйымға шара қолдануды талап етіп отыр.

ҚАНДАЛА ҚАПТАДЫ
Елордада көпқабатты үйлерді қандала жайлап жатыр. Жұрт зиянкестен құтыла алмай пәтерлерін ауыстыруға мәжбүр.

ТЕГІН ДӘРІНІ БЕРМЕЙДІ
Шымкентте эпилепсияға шалдыққан балалардың ата-аналары мемлекеттен тегін берілуі тиіс дәрлерін ала алмай отыр. Сондықтан қымбат препараттарды несиеге алып отырғандар бар.

#ктк #жаңалықтар #кткжаңалықтары
Категория
ВОДОСНАБЖЕНИЕ
Комментариев нет.