БАНК БАНКРОТҚА ҰШЫРАДЫ!

51 Просмотры
Издатель
Бәріңізге ассалаумағаликум. Қарыз алдың-қайғы алдың. Білесіз бе, қазақстандықтардың банк алдындағы қарызы 8 триллион теңгеден асады екен. Әрине кім жетіскеннен кредит алады дейсіз?! Қазір бір адамның он кредиті болса да таңқалмайтын болдық. Біріншісін алып екіншісін жауып өмір кешіп келе жатқан отандастарымыз өте көп.
Бірақ адам миына симайтын бір дүние. Екінші деңгейлі банктер құрдымға кетіп бара жатқанда мемлекеттен «ойбай бізге көмектесіңдер» деп мүсәпір күйге енеді. Содан үкімет оларды сауықтыруға ұлттық қордан қомақты қаржы бөліп құтқарып қалады. Ал олардың істеп отырған қылықтары болса мынау. Жаһанда жоқ жоғары процентпен халыққа кредит таратып, қарыз дейтін қыл арқанмен матап ұстайды. Олар берген қарыздарын қайткен күнде де әкесінің құнын қосып тұрып қайтарып алады. Алайда кейбірінің соңы қайғылы жағдаймен аяқталады. Мәселен, Алматының Ақбұлақ шағын ауданында болған атыс. Үйін залогқа қойды, несие алды, қарызын қайтара алмады. Соңында үйден күштеп шығармақшы болғандарға оқпен жауап қайтарды. Өте жоғары пайызбен несие беретін банктерге қашан тоқтау болады? Қазақстандық банктер елдің шотындағы ақшаны негізсіз алып алғанын естідіңіз бе? Депутаттар несие мөлшерлемесін төмендетуді талап етті. Бұдан бір нәтиже шыға ма? Банктер халықты тонап жатқанда банктің өзін тонап миллиарттаған ақшаны үп еткізген атақты хаккер неге өлім жазасын күліп тұрып қабыл алған? Мұны сізге білген дұрыс!! Ардақты ағайын каналымызға тіркеліп, қасында шыққан қоңыраушаны басып қолдау көрсетіңіз. Сіздерге маңызды, өзекті һәм қызықты ақпараттарды ұсыну үшін тынбай қызмет ете береміз!

Әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоқ. Осы сөз дәл біздің елдің банктеріне қарата айтылғандай. Білгендерін істеп жатыр. Халықты ашықтан ашық тонап жатыр. Ербол Мәндібек айтқандай кредит-кедейдің кәсібіне, қанын ішкен қасіретіне айналды. Бай адам банкке жоламайды. Журналист айтады, маған салса біздегі банктердің иесін ит жеккенге айдап, кеңселеріне бензин құйып бір-ақ күнде күлін көкке ұшырып өртеп жіберер едім. Себебі, олар ашықтан-ашық, көзді бақырайтып қойып қылмыс істеп отыр. Күн сайын сүлдесін сүйреп кірген мыңдаған адамның мойнына жер жүзінде жоқ процентті іліп жатыр. Әй мыналарың дұрыс емес, халықты тонауды доғарыңдар дейтін ешкім жоқ. Керісінше, тойымсыз банктердің жарғылық капиталын толтыруға миллиардтаған ақша бөлінеді бюджеттен. Оның есебін сұраған адам бар ма? Ал, қарапайым адамның несие алудан басқа амалы жоқ. Орташа жалақы мөлшерін бүгінгі инфляцияның калькуляторына салып көріңіз минусқа шығады. Жетпеген соң кеңірдегіне келгенше кредит алады. Осы күні бір басында он кредиті бар адам көрсең таңқалмайсың. Банктер неге үстін-үстін қарыз беріп жатыр? Өйткені қайткен күнде де әкесінің құнын қосып қайтарып алатындарын біледі. Себебі, сен төлей алмасаң түптің-түбінде мемлекеттен аламыз деген арам ойлары бар. Қазір қаптап кеткен микрозаймдардың барлығы солардың төңірегіндегі тобырлар. Әлеуметтік қысым қайдан пайда болады? Жұмыссыз жұрттан, белшеден қарызға батқан адамдардан.

Біздің қоғам қарызға белшесінен батқан қоғам. Банктер Батыс елдерінен 3-6%-дық өсіммен алып келген ақшаларын, қазақстандықтарға 20-45% аралығындағы өсімдермен таратады. Ал бізге несие алғанда оның үстіне қанша қосып қайтаратыны маңызды емес. Ай сайын қанша қайтаратынымыз маңызды. Себебі, жалақымыз аз, күнкөріс болса қымбат. Еуропа, АҚШ, Жапо¬ния, басқа да елдерде банктердің мөл¬шерлемесі 2-3 %-дан аспайды. Жер¬гілік¬ті халық тіп¬ті оның өзін қымбат¬сы¬на¬ды. Ал мұн¬дай мөлшерлеме қазақ үшін ер¬тегі сияқ¬ты.
ЗКТ: Банктер қашанғы халықты тонай береді? Мен сендерге көрсетем деп Алжирдан бір азамат шықты. Аты Хамза Бэн Даладж. Ол 24 жасына дейін 217 банкты тонап, 4 миллиард АҚШ долларын ұрлап кетіпті. Оны 5 жыл бойы ұстай алмаған. Ол тонаған банктердің көбісі АҚШ, Израиль секілді халықаралық үлкен банк бөлімшелері болған. Алжирлік жігіт тіптен Американың ең атақты деген басты банктерін тонап, бүкіл жүйесін бұзып, миллион АҚШ долларын сыпырып алған. Хамзаның мықтылығы сол, оның соңына әлемнің мықты деген хакерлерін салсада, ол құрған хакерлік жүйені ешкім бұзалмапты. Хамза

ешуақытта бір жерде тұрақтап тұрмаған. Әлемнің әр түкпірінде жүріп өз ісін тындыра берген. Ол тонаған 4 миллиард АҚШ долларын қайда жұмсады деп ойлайсыз?!….. Ол соншалықты көп ақшасы бола тұра шалқып өмір сүрмеген. Тіптен үстіне қымбат киімде алмаған. Бар тапқан ақшасын, Африкадағы аш балаларға азық-түлік әперіп отырған. Мыңдаған баларға баспана әперіп жағдайын жасаған. Жағдайы нашар отбасыларға үй салып беріп, мыңдаған кедейлердің жағдайын түзеп берген.
Категория
чиллеры
Комментариев нет.