Маңғыстау облысында қаңтардың 2-сі күні бейбіт басталған митингіге Алматы қаласының тұрғындары да қолдау білдіріп, қаңтардың 4-і күні кешке шеруге шыққан. Қаланың батыс жағынан орталыққа қарай ағылған мыңдаған адам әкімдік маңында полициямен қақтығысты. Түнімен тарамаған жұрт 5-і күні күндіз Алматы әкімдігіне басып кірді. Қалада әкімдікпен қатар тағы бірнеше стратегиялық маңызы бар нысанның өртелгені, қирағаны, шабуылға ұшырағаны хабарланды. Қаладағы шеруді бақылаған Азаттық журналистері көргендерін сипаттай отырып, қаңтардың 5-і күні жергілікті уақыт 16:00-ге дейінгі ақпаратты топтастырып арнайы шығарылым әзірлеген. Елде интернеттің тұтас бұғатталуына байланысты хабар тікелей эфирге шықпады.
#Жаңаөзен' #наразылықтар' #Қазақстан'
Бізге жазылыңыздар:
Фейсбук: https://www.facebook.com/azattyq/
ВК: https://vk.com/azattyqradiosy
Твиттер: https://twitter.com/AzattyqRadiosy
Телеграм: https://telegram.me/azattyq
#Жаңаөзен' #наразылықтар' #Қазақстан'
Бізге жазылыңыздар:
Фейсбук: https://www.facebook.com/azattyq/
ВК: https://vk.com/azattyqradiosy
Твиттер: https://twitter.com/AzattyqRadiosy
Телеграм: https://telegram.me/azattyq
- Категория
- ВОДОСНАБЖЕНИЕ

Комментариев нет.